Биоалуантүрлілікті сақтаудағы зоологияның рөлі: ҚР Зоология институтындағы тәрбие сағатыFarabi University

51

Биоалуантүрлілікті сақтаудағы зоологияның рөлі: ҚР Зоология институтындағы тәрбие сағаты

24 ақпан, 2025

2025 жылғы 24 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Педагогика және білім менеджменті кафедрасының аға оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Альчимбаева А.Б. және Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Жаркова И.М. жетекшілігімен «8D05101 – Биология» мамандығының 1-курс докторанттары Ишаева А.А. және Бакиева А.А. ашық білім беру сағатын өткізді. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес, атап айтқанда ТДМ 14 («Мұхиттар, теңіздер және теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану») және ТДМ 15 («Жерүсті экожүйелерін қорғау және ұтымды пайдалану») тақырыптарына арналды.

Бұл жиын Қазақстан Республикасы Зоология институтында өтіп, оған студенттер, оқытушылар және зерттеушілер қатысты. Атап айтқанда, іс-шараға Қазақстан Республикасы Зоология институтының және Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің жетекші ғылыми қызметкері Нехаев И.О., Қазақстан Республикасы Зоология институтының және Ресей ылым академиясының А.Н. Северцов атындағы Экология және эволюция проблемалары институтының жетекші ғылыми қызметкері Нехаева А.А., сондай-ақ Қазақстан Республикасы Зоология институтының кіші ғылыми қызметкерлері Ким Л.В. және Омарова А.М. қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – зоологтардың экожүйелерді сақтау мен биоалуантүрлілікті қорғаудағы рөлін талқылау, сондай-ақ студенттердің қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына тікелей қатысу мүмкіндіктерін қарастыру болды. Қатысушыларға зоология, биогеография және молекулалық филогенетикадағы заманауи технологиялар мен әдістер таныстырылды.

Кездесу барысында интерактивті пікірталастар, білім алмасу, және табиғатты қорғау тәжірибелері бойынша баяндамалар өтті, бұл студенттерге өз мамандықтарының маңыздылығын және оның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қосатын үлесін терең түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ғылыми мекемелердің зерттеушілері биология саласындағы кәсіби бағдар беру, ғылыми мақалалар жазу және диссертация дайындау бойынша кеңестер берді. Студенттер зерттеушілердің кәсіби және академиялық жолындағы жеке оқиғаларынан шабыт алып, болашақ ынтымақтастық үшін байланыс орнатуға мүмкіндік алды.