"Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және психоактивті заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес"Farabi University

51

"Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және психоактивті заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес"

12 ақпан, 2025

2025 жылғы 12 ақпанда экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасында Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ішкі істер органдарының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Асқарұлы Көбеевтің  қатысуымен 1-3 курс студенттеріне арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Кездесу барысында құқық қорғау саласының маманы психоактивті заттардың заңсыз айналымының алдын алу, оның жастарға тигізетін зияны және құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен баяндады. Студенттер есірткіге қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша маңызды ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесу есірткіге тәуелділікпен күресу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ТДМ 3 міндеттерімен тікелей байланысты. Бизнес-технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен өткен кездесуге қатысушылар осындай ақпараттық іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті, студенттерді заңға бағынатын азамат болуға және қоғамдағы өзекті мәселелерге бей-жай қарамауға шақырады.