ҚазҰУ қызметкерлеріне мемлекеттік сыйлықтар тапсырылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары мен докторанты Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпазы атанды.
Биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары «Әдебиет», «ылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдалды.
Соның ішінде «ылым» номинациясы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, доцент Фёдор Мальчик «Дарын» сыйлығының иегері атанды.
Ал «Әдебиет» бағыты бойынша «Дарын» сыйлығы журналистика факультетінін докторанты, ақын Бауыржан Әлқожаға берілді.
Ал «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы ретінде үздік жобаларды ұсынған 30 жас қазақстандық таңдалды. Солардың қатарында оқу ордасының екі оқытушысы – механика-математика факультетінің аға оқытушысы Бірлік Сағитжанов пен химия факультетінің оқытушысы Қанат Бекназаров бар. Қос оқытушы «ылым» бағыты бойынша жеңіске жеткен.
Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының әр жеңімпазына 3 млн теңге көлемінде жүлде берілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

