Жердегі экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру

2024 жылдың 7 қарашасында «6В02303 – Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенттері және куратор Э.К. Бектурованың жетекшілігімен «Жер үсті экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара ТДМ 15 «Жер үсті экожүйелерін сақтау» шеңберінде жүзеге асырылды. Іс-шара жер үсті экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды тұрақты пайдалануды ынталандыру сияқты маңызды даму мақсаттарына баса назар аударды.
Университет аумағындағы көшеттерді сауықтыру мақсатында ағаштарды санитарлық кесу мен жас көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Саябақ жолдары жөнделіп, демалыс орындары жасалуда. Бақ пен саябақ ландшафтының тарихи құндылығын сақтау үшін ағаштар отырғызылуда. Университетте Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді анықтау және сақтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Университет білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және ауыл шаруашылығы мен туризм үшін жерді тұрақты басқару бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Университетте жер үсті экожүйелерін сақтауға арналған «тұрақты даму мақсаты» саясаты, су мен санитарияға қолжетімділік пен оның тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ету саясаты және климаттың өзгеруімен күресу саясаты бар.
Іс-шара қызу пікірталаспен аяқталды, онда қатысушылар күнделікті өмірде тұрақтылық пен қоршаған ортаны қорғауды ілгерілетуге қалай үлес қоса алатындығы туралы өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.
Шетел филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Бектурова
Басқа жаңалықтар


