- Басты бет
- Жаңалықтар
- А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтындағы (Астана қаласы) А.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығында тағылымдамадан
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтындағы (Астана қаласы) А.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығында тағылымдамадан

Ағымдағы жылдың 28-қазанынан 9-қарашасына дейінгі аралықта Филология факультеті, әдебиеттану мамандығының ІІ курс магистранттары А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтындағы (Астана қаласы) А.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығында тағылымдамадан өтті. Магистранттар осы уақыт аралығында аталған ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен белгілі ғалымдардың дәрістерін тыңдап, түрлі шараға қатысы. Тағылымдаманың алғашқы күні А.Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі ф.ғ.к., доцент Лаура Дәуренбекова «Академиялық жазылым» және «ҚР БҒМ БҒССКК ұсынған басылымдарға мақала жариялауда ескеретін кейбір мәселелер» тақырыбында семинар өткізді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жанат Әскербекқызының «Әдебиеттану бойынша зерттеу жұмысын жүргізу», Н.Назарбаев университетінің профессоры Ермек Адаеваның «Академиялық сауаттылықтың теориялық негіздері», Ш.Шаяхметов атындағы ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Гүлшат Түсіпованың «Болашақ» бағдарламасының тәжірибесі негізінде «Академиялық мәтін жазу шеберханасы – мақала бөлімдерінің мақсатын түсіну», PhD, доцент Мөлдір Аманқазықызының «Жоғары оқу орнында ғылыми жоба дайындау және жүзеге асыру жолдары» тақырыптарында оқыған дәрістерінен бүгінгі ғылымның даму сатысы, шетелдегі ғылым саласымен салыстыра қарағанда, біздегі зерттеу жұмысының бағыт-бағдары, ғылыми мақаланың құрылымы туралы тың мағлұматтар алды.
Сондай-ақ, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы мен түркітанушы, философия докторы (PhD) Марлен Ерланұлының «Абай және Шәкәрім тіліндегі көнерген сөздердің тарихи-салыстырмалы сөздігі» кітабының тұсаукесеріне қатысып, Ш.Құрманбайұлының дәрісін тыңдады. Аталған шарада қос ақын шығармаларында кездесетін көнерген, өзге тілден енген сөздердің түп-төркіні, мән-мағынасы жан-жақты талқыланды. Тағылымдама барысында магистранттар АЛЖИР мемориалды-музей кешеніне, ҚР Ұлттық музейіне барып, тарих беттеріне тағы бір рет шолу жасады. Елдің басынан өткен зардап пен қайғыға толы нәубетке қатысты деректер, түпнұсқа жәдігерлер санада сақталған көп ақпаратты айшықтай түскендей болды.
ылым-білім, тарих, әдебиет, өнер, мәдениет салалары тұтас қамтылған тағылымдама барысында магистранттардың алғаны көп. Білгендерін толықтырумен қатар, өз мамандықтары бойынша ғылым саласындағы тың жаңалықтарға қаныққаны анық. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған тағылымдама нәтижесінде әр магистрант өз болашағына қатысты ой түйіп, бағытын айқындап, көңілдегі биік мақсатқа бір табан жақындай түсті.
Басқа жаңалықтар


