"Тұрақты даму үшін серіктестік" ТДМ шеңберінде ТДО орталығы түрік тілін оқыту әдістемесі бойынша бірегей онлайн-курс өткізедіFarabi University

51

"Тұрақты даму үшін серіктестік" ТДМ шеңберінде ТДО орталығы түрік тілін оқыту әдістемесі бойынша бірегей онлайн-курс өткізеді

7 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркітану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы мен Ибн Халдун Университеті(Түркия) бірлесіп 2024 жылғы 4 қараша  мен 1 желтоқсан аралығында «Түрік тілін оқыту әдістемесі» бойынша онлайн-курстар өткізеді. Курс 75 сағаттық.  Түркияның жетекші оқытушылары дәрістер мен семинарлар өткізеді. Бағдарлама түрік тілінің оқытушыларына және осы саладағы өз білімдері мен дағдыларын дамытуға бағыттайтын қатысушыларға арналады. Бұл тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес білім беру сапасын жақсартуға және дамытуға ықпалын тигізеді.

          Курстың барысы:

-Тренингті ҚазҰУ мен Ибн Халдун университетінің доценттері мен профессорлары өткізеді.

- Форматы: онлайн.

- Өтілетін мерзім ұзақтығы: 3апта, 75 сағат. 

        Мақсаты: оқытушылардың біліктілігін арттыру және түрік тілін оқыту әдістемесін дамыту. Бұл білім берудің қолжетімділігі мен сапасын, мәдени байланыстар мен білім алмасу үдерісін жақсартуға ықпал етеді.

Аталған курс қатысушыларға түрік тілін оқытудағы құзыреттіліктерін дамытуға септігін тигізеді.  ТДМ-на қол жеткізудегі маңызды элементтеріне, білім беру сапасын арттыру және білім алмасу міндеттеріне сәйкес курсқа қатысушылардың түрік тілін оқытуда қалыптасатын құзіреттіліктерін дамытуға септігін тигізеді.

 

Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы:

 Халел Агнур                                                                                                                                                                                                                    Дулаева Эльнара Зильпикаровна