ФАТИМАБИБІ ДӘУЛЕТ ҚЫТАЙТАНУШЫЛАРДЫҢ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СИМПОЗИУМЫНА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН БАРДЫFarabi University

51

ФАТИМАБИБІ ДӘУЛЕТ ҚЫТАЙТАНУШЫЛАРДЫҢ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СИМПОЗИУМЫНА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН БАРДЫ

7 қараша, 2024

2024 жылғы 27 қазанда Нанпин қаласында (ҚХР) қытайтанушылардың II Дүниежүзілік симпозиумы өтті. Симпозиумға 70 елден 200-ден астам белгілі қытайтанушы ғалымдар қатысты. Әлемдік қытайтануда ең ірі іс-шара болып табылатын бұл симпозиумда    Қазақстан Республикасы атынан еліміздің танымал қытайтанушысы, шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Фатимабибі Дәулет қатысты (). Симпозиумда Фатимабибі Ноғайқызы "Қазақстан қытайтануының қазіргі жағдайы және болашағы" тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Профессор Дәулет өз баяндамасында жаңа замандағы Қазақстан қытайтануының шығу тарихы  және қалыптасу жағдайы туралы баяндап берді. Профессор биыл егеменді Қазақстанның қытайтануына 35 жыл толатынын атап өтті.  Дәулет Ф. өз баяндамасында 35 жыл ішінде жарияланған,  жаңа заман  қытайтануының дамуына әсер еткен басты зерттеу еңбектер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Фатимабибі Ноғайқызы сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қытайтанушаыларды дайындау барысында қолданылып жүрген   оқу бағдарламалары туралы айтып берді. Симпозиумда сөз сөйлеген әлемнің 70-тен астам елінен келген ғалым қытайтанушылар көпшілікпен өз елдерінде қытайтанушыларды даярлаудың өзекті мәселелерімен бөлісті. Атап айтқанда, әйгілі исландиялық қытайтанушы, дипломат, аудармашы және Қытай классикалық философиясы маманы Рагнер Петерсон (Ragner Peterson)  нағыз қытайтанушы сирек кездесетін тұлға деп атап өтті. Профессордың айтуынша, тек тілді ғана жетік біліп, бірақ Қытай туралы басқа мағлұматы жоқ адамды қытайтанушы деп атауға болмайды.  Сондай-ақ, Петерсон мырзаның айтуынша, синолог деп аталу құқығына ие болу үшін маман, ең болмағанда, тілді жетік білуі керек. Профессордың айтуынша, Қытай туралы барлық ақпарат (ұлттық - мәдени, этнографиялық, тарихи, қоғамдық-саяси және т.б.) тіл арқылы беріледі. Австралияның әлемге әйгілі қытайтанушысы Колин Маккерас (Colin Macceras) профессор Петерсонның тұжырымдамаларымен келісе отырып, Қытай туралы мағлұматтардың тіл арқылы игерілетінін баса көрсетіп айтты. Оның айтуынша, қытайтанушыларды даярлау иероглифтен, тілдік фактордан басталуы керек. Биылғы жылы 2-ші рет өткізіліп отырған қытайтанушылардың Әлемдік симпозиумы  түрлі ел қытайтанушыларының өзара  тәжірибе алмасуы барысында теңдесі жоқ ғылыми алаң болып табылады.