Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым

2024 жылдың 6 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының 3 курс студенттері ТМД 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» аясында «Индустрияландыру – экономикалық өсудің маңызды қозғалтқышы» атты тақырыптық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жол инфрақұрылымы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, канализация, электр қуаты, сумен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымның қазіргі таңдағы маңыздылығына көз жүгірту. Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың заманауи технологияларға қол жеткізуі және әлеммен байланысы үшін инфрақұрылымға инвестиция қажет. Жақсартылған инфрақұрылым дегеніміз – өмір сүру деңгейінің, денсаулық сақтау және білім беру қызметтерінің, сондай-ақ ұялы байланыс пен интернет сияқты жаңа технологиялық мүмкіндіктердің артуы.
Шарада индустрияландыру мәселелері де қозғалды. Индустрияландыру – экономикалық өсудің маңызды қозғалтқышы және жаңа жұмыс орындарын құрушы. Студенттер инфрақұрылымды зерттеулер, инновациялар және технологиялық прогреспен қалай қолдану керек екенін талқылады. Адамдардың жартысынан астамы қалаларда тұратын әлемде көлік және жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың таралуы ерекше маңызға ие болып отыр. Индустрияландыру сонымен қатар энергия тиімділігі мен таза технологияларды ілгерілету арқылы қоршаған ортаға әсерді азайтуға көмектеседі. Іс-шарада студенттер презентацияларын қорғап, қызықты талқылаулар орын алды.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Айтмұханбетова А.С.
Басқа жаңалықтар


