- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Тұрақты даму үшін серіктестік" және "Сапалы білім беру" ТДМ-дары аясында арабтану бөлімінің оқытушысы ғылыми семинар өткізді
"Тұрақты даму үшін серіктестік" және "Сапалы білім беру" ТДМ-дары аясында арабтану бөлімінің оқытушысы ғылыми семинар өткізді
2024 жылдың 31-қазаны күні Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің оқытушысы Мұқаш Арман ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында Парсы Шығанағы аймағындағы мұнайға бай араб елдерінің экономикасы, мұнай экспортының елдің өзге әлеуметтік салаларына әсері, "Ковид-19" жаһандық індетінен кейінгі Шығанақ елдерінің экономикалық жағдайы ғылыми тұрғыда жан-жақты баяндалды. Қазақстан Республикасы да мұнайға бай елдердің бірі болғандықтан, елдің экономикасын жақсартуға мұнай өндіретін араб елдерінің үлгісін қолдану мәселелері де көтерілді.
ылыми семинарға шығыстану факультеті арабтану бөлімінің студенттерінен бөлек, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің білім алушылары да қатысты.
Семинар барысында білім алушылар Араб елдеріндегі мұнай экспорты мен мұнай импорты жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.
Басқа жаңалықтар

