«Суды үнемдеңіз»Farabi University

51

«Суды үнемдеңіз»

28 қазан, 2024

24 қазан 2024 жылы ТДМ 6 «Таза су және санитария» бойынша «Суды үнемдеңіз» акциясы аясында биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында Биология мамандығының студенттерімен іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету.

Жыл сайын дүниежүзілік су күні атап өтіледі. Су біздің планетамыздың үштен екі бөлігін алып жатыр. Сусыз біздің өміріміз мүмкін емес. Су - жер бетіндегі ең қарапайым және ең жұмбақ зат. Оның барлық құпиясын ғалымдар әлі толық ашқан жоқ. Адам үшін тамақтан гөрі су маңыздырақ. Адам тамақсыз алты аптаға жуық өмір сүре алады, бірақ сусыз бір аптадан артық өмір сүру мүмкін емес.

«Дүниежүзілік су күні» экологиялық мерекесі адамзатқа су ресурстарының маңыздылығын, оларды ұтымды пайдалану және планетаның су қорын сақтау қажеттілігін еске салуға арналған. Дәстүр бойынша осы күнге орай университетімізде «Суды үнемдеңіз!» акциясы өтеді. Су әр адамның өмірі үшін қажет, бірақ оны үнемсіз пайдалану зиянды салдарға әкелуі мүмкін, ең қауіптісі - таза суды шамадан тыс тұтыну оның көлемінің төмендеуіне және сапасының нашарлауына әкеледі Болашақта суды шамадан тыс пайдалану оның тапшылығына әкелуі мүмкін, қазірдің өзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2,3 миллиардтан астам адам таза ауыз су тапшылығын бастан кешіруде, ал 122 миллион адам жер үсті су қоймаларынан тазартылмаған суды ішуге мәжбүр.

Экологиялық себептерден басқа экономикалық себептер де бар. Суға дұрыс күтім жасау өз қаражатыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ресурстарды пайдаланудағы шағын өзгерістердің өзі бюджетке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан суды үндемдеп, оны қорғау біздің міндетіміз!

Ұйымдастырушы: PhD, Биоәртүрлілік және биоресурстар кафедрасының доцент м.а Чилдебаева А.Ж.