“Тұрақты даму үшін серіктестік” ТДМ-ы аясында қытайтану кафедрасы «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС өкілдерімен серіктестік орнаттыFarabi University

51

“Тұрақты даму үшін серіктестік” ТДМ-ы аясында қытайтану кафедрасы «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС өкілдерімен серіктестік орнатты

24 қазан, 2024

2024 жылдың 24 қазан күні «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС өкілдері шығыстану факультеті қытайтану кафедрасына арнайы сапармен келді. Компанияның кадрлар бөлімінің маманы Парпиева Алина, аға аудармашы Нұржанов Ерхан және аудармашы Шуканова Әйгерімнен тұратын делегация кафедраның студенттерімен кездесті. Кездесу барысында компания өкілдері Алматы қаласының шетінде соғылып жатқан жаңа авто завод туралы кеңінен таныстырды. Қытай авто компанияларымен бірлесіп танымал бренд жеңіл автомашиналар өндіретін бұл заводтың ауқымы өте зор. Болашақта Алматы қаласының экономикасында айтарлықтай рөл ойнайтын бұл кәсіпорын өз өнімдерін дүние жүзіне жіберуге дайын.  Кафедра басшылығы болашақта осы мекемемен арадағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Кездесудің соңынан компания өкілдері кафедраның жоғарғы курс студенттерімен жеке-жеке сұқбат жүргізді. Кафедра студенттері болашақта осы кәсіпорыннан өндірістік тәжірибеден өтетін болып келісілді.