Медициналық орталықтармен Ынтымақтастық орнатылды

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы студенттердің оқу жылына арналған білім беру бағдарламасындағы оқу жоспарларына сәйкес студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу бойынша Алматы қаласында орналасқан «Сұңқар медициналық орталығы», «Адам және жануарлар физиологиясы институты», Іргелі және трансляциялық федералды зерттеу орталығы, «Тері-венерологиялық диспансер», «Аква Лаб», «Алматы жас дәрігерлер қауымдастығы», «Smart Health/University City» акционерлік қоғамы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты», «ААА медициналық клиникасы», «Профессор Дарменов O. медициналық орталығы», «CАНА медициналық орталығы», «MEDSYST жауапкершілігі шектеулі серіктестігі», «Смағұл Қайшыбаев атындағы неврология және нейрореабилитация институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» қатарлы медициналық орталықтармен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Білім және ғылым саласында серіктестікті дамыту мен тығыз байланыс орнату, бірлесе отырып мамандар даярлау мақсатында осы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалынды. Бұл тәдірибе студенттердің денсаулық сапасын әлгерлетуге сонымен бірге білім деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізеді.
Басқа жаңалықтар

