ТДМ 5. «Тоқта ВИЧ/СПИД, туберкулез»
2024 жылғы 28 қазанда Биология және биотехнология факультеті, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы Сырайыл С. 6В05108-Биомедицина мамандығының 1 курс студенттерімен «Тоқта ВИЧ/СПИД, туберкулез» тақырыбында іс шара өткізілді.
ВИЧ/СПИД пен туберкулез сияқты қауіпті инфекциялық аурулардың таралуын тоқтатуға бағытталған. Негізгі мақсаты – аурулардың алдын алу, дұрыс ақпарат тарату арқылы халықтың денсаулығын қорғау. Жоба арқылы адамдар өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын біледі.
ВИЧ инфекциясы-туберкулез ауруының дамуына ықпал ететін ең қауіпті фактор. ВИЧ иммундық жүйеге әсер етіп, оны күрт әлсірететіндіктен, бұл аурумен ауыратын адамдар туберкулезді жиі жұқтырады. Сонымен қатар, ВИЧ-пен ауыратын адамдарда туберкулездің алдын алудың тиімді құралы иммундық жүйенің қалпына келуіне көмектесетін және көп жағдайда туберкулездің алдын алатын антиретровирустық құрал болып табылады.
Іс шара арқылы студенттер ВИЧ жұқтырудың қаншалықты зиянды екендігі туралы түсінік қалыптастырады.
Басқа жаңалықтар

