25 қазан - Қазақстан Республика КүніFarabi University

51

25 қазан - Қазақстан Республика Күні

23 қазан, 2024

23 қазан 2024 ж. 414 ауд. "Республика күніне" арналған кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты; Сстуденттердің бойында өз елі үшін патриоттық сана мен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Республика күнінің маңыздылығы, оның тарихи және мәдени аспектілері, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы туралы білімдерін арттыру, Ту, Елтаңба және Әнұран сияқты мемлекеттің Рәміздері мен атрибуттарын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ олардың маңыздылығын түсіну.

Студенттер презентация дайындады. Қазақстанда 25 қазан күні өз тарихы мен маңызы бар мереке ретінде айтылды. 1990 жылғы 25 қазанда ҚазССР Жоғарғы Кеңесі" мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны " құрды, онда Қазақ ССР егемендігі жарияланды. Бұл Қазақ ССР Тәуелсіздігінің құқықтық қалыптасуының бастамасы болды. Студенттер ішкі және сыртқы саяси реформалар туралы, БҰҰ - ға кіргеннен кейін әлемдік аренада дербес саяси бірлікке айналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы туралы айтып берді. Биыл декларацияның қабылданғанына 34 жыл толады.

Қаулы: Студенттер өз елінің дамуына өз үлестерін қосады, Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтан тұтады және еліміздің мемлекеттік рәміздерін – Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, туы мен Әнұранын қасиетті құрметтейді.

Ұйымдастырушы: Б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. және Бт 24-05Р тобының 1 курс студенттері, "6В070103" мамандығы - Биотехнология.