Құрметті студенттер мен оқытушылар!Farabi University

51

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

23 қазан, 2024

Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасына Түркия елінен жоғары білікті маман,  профессор Саваш Шахин  өзінің бірегей білімі және тәжірибесімен бөлісуге келгенін хабарлаймыз. Осы сапар аясында біз «Түркия тілі мен мәдениеті» үйірмесін іске қосамыз.  Онда сізге түрік мәдениеті мен тілі туралы біліміңізді тереңдету мүмкіндігі беріледі. Бұл жеке және кәсіби өсу үшін берілетін тамаша мүмкіндік!  Профессор  Саваш Шахин   сонымен қатар докторанттарға арналған ғылыми семинарлар өткізеді. Семинар барысында Scopus базасына енетін индекстелген журналдарда мақалаларды жариялау үшін ғылыми жұмыстарды қалай тиімді жазуға болатындығын үйренесіз.

    Осындай деңгейдегі маманның келуі, дөңгелек үстелдер, семинарлар, дәрістер өткізу мүмкіндігі Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының жаңа деңгейге шығарады. Тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шаралар бірлескен халықаралық жобаларға негіз болып табылады, жоғары мақсаттар қояды және жас ғалымдарды жаңа жетістіктерге жетелейді.

   Нағыз сарапшыдан білім алу және ғылыми көкжиектеріңізді кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Семинарға тіркелу мен  қосымша ақпарат алу үшін кафедраға хабарласыңыз. Біз сізді күтеміз және белсенді қатысады деп үміттенеміз!

 Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы:

 Халел Агнур

                                                                                                                                                                                                                    Дулаева Эльнара Зильпикаровна