"Таза су-өмір көзі” атты кураторлық сағатыFarabi University

51

"Таза су-өмір көзі” атты кураторлық сағаты

16 қазан, 2024

2024 жылғы 15 қазан сағат 14.00-де 416 ауд.  Президент Қ.Тоқаевтың 02.09.2024 жылғы Жолдауын іске асыру аясында "Таза су – өмір көзі" тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.  Іс-шараның мақсаты – еліміздің су шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелері туралы Президент Қ. Тоқаевтың 02.09.2024 жылғы Жолдауын талқылау.

Студенттер презентация дайындады. Республикадағы су шаруашылығының проблемалары, сондай-ақ Қазақстанның су ресурстарын сақтау бойынша қажетті шаралар туралы айтылды. Президент ирригациялық жүйелермен және жалпы су саласымен айналысу қажеттігін атап өтті. "Көктемгі су тасқыны бүкіл ел үшін үлкен сынақ болды. Қазіргі жағдайда біз кез-келген қиындықтарға дайын болуымыз керек, кезең-кезеңімен су қорын құруды, фермерлердің қажеттіліктері үшін су тасқынын жинауды ұсынамыз. Гидрологиялық бекеттерді жөндеу және жаңғырту, суды үнемдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет. Бұл, ең алдымен, су үнемдеу технологиялары қолданылған ауыл шаруашылығына қатысты".  Студенттер өз кезегінде биотехнологтардың су ресурстары мәселесін зерттеу мен шешудегі орнын атап өтті. Олар биологиялық тазарту әдістері туралы, сондай-ақ таза су көздерін сақтау қажеттілігі туралы айтты, мысалдар келтірді.

Студенттер су ресурстары мен таза су проблемаларын зерделеу, сондай – ақ өзендерде,көлдерде, су айдындарында су көздерінің санитарлық нормаларын әзірлеу арқылы өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосады.