- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ агробиологиялық станциясы негізінде тұрақты даму мақсаттары бойынша білім беру бастамалары
ҚазҰУ агробиологиялық станциясы негізінде тұрақты даму мақсаттары бойынша білім беру бастамалары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультетінің 2023-2024 оқу жылында 2-курс студенттерімен бірге Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңаталап ауылында орналасқан л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініңоқу Агробиостанцияда және «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық тибиғи паркі аумағындағы орналасқан «Теріс бұлақ» таулы стационарында ауылшаруашылық саласындағы ғылыми-инновациялық жұмыстар жүргізілді. Агробиостанцияның аумағында бау-бақша өнімдері, жеміс-жидек ағаштары, сәндік ағаштар, бидайдың бірнеше түрлері егілген және жоба бойынша көптеген ғылыми жұмыстар, студенттердің өндірістік практикасы жүргізіледі.
Агробиостанциядағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерімен танысқан соң, студенттер агробиостанция аумағындағы бұталар, ағаш түрлерін анықтап, ағаштардың зиянкестерімен олармен күресу шараларымен танысты. Бау-бақша дақылдарын: қауын, қарбыз, асқабақ, жүгері егіп, жүзімнің түрлерімен танысып, оларды күтіп баптау жұмыстарын жүргізді.
Станция маңындағы өсіп тұрған бидай өлшемдерін алып, су экосистемасы бойынша экскурсияға барды, жағалауда өсетін, гидрофиттер, гидатофиттерді арнықтады. Егін алқабындағы картоптың шөбін жұлып, колорад қоңыздар, капуста зиянкестерімен күресу шараларын жүргізуге қатысты. Агробиостанция мен "Байсерке-Агро" ЖШС компаниясында егілген бидайдың түрлеріне өлшем жұмыстарын жүргізіп, талдау жасады.Жүргізілген ғылыми- инновациялық жұмыстар студенттердің экожүйедегі фауна мен флора алуантүрлілігін зерттеп білуге, табиғатты қорғауға, ғылыми жұмыстарды жүргізуге, еңбекке баулуға бейімдейді.
Осы жылдың 6-қазан күні «л-Фараби» кітапханасының алаңында оқу Агробиостанциясының өнімдері және қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде сатылымға шығарылған экологиялық таза және қолжетімді бағадағы жеміс-жидектер мен көкөністер, агробиостанция мамандырының ерте көктемнен күзге дейін тынбай еңбек еткен еңбегінің нәтижесі және университетіміздің студенттерінің де қосқан үлесі.
Тұрақты даму мақсатының 2, 11, 17-бағытын іске асыруға арналған іс-шараға университет басшылығы және қызметкерлер, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар қатысты.
Күзгі жәрмеңке Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күні, халықаралық қарттар күні, оқытушылар күніне тұспа тұс келді. Жәрмеңкеде студенттер мен оқытушылар ауылшаруашылық өнімдерін, қолөнер бұйымдарын және т.б. қолжетімді бағада сатып алды. Мұндай іс-шара студенттер мен оқытушыларға ғана емес, Алматы қаласының тұрғындарына да қолайлы.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы: Шалгимбаева С.М., Омарова Ж.С., Джумаханова Г.Б.
Басқа жаңалықтар

