
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Coursera платформасының арасындағы келісім негізінде 2024 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында ақпараттық технологиялар факультетінің 36 студенті Coursera for Campus платформасында білім алды. Осы кезеңдегі есептерге сәйкес, барлық студенттер курстарды сәтті аяқтап, халықаралық сертификаттарға ие болды. Курс тақырыптарына бағдарламалау тілдері, жасанды интеллект, деректер туралы ғылым, киберқауіпсіздік және т.б. кірді.
2024 жылдың қыркүйегінде ақпараттық технологиялар факультетінің 156 студентін қамтитын екінші топ басталды. Coursera платформасының курстары ағымдағы семестрлік пән бағдарламаларына біріктірілген.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025