Кибернометр туралы ашық ғылыми-әдіснамалық семинар Финляндиядан келген шетелдік зерттеушілердің қатысуыменFarabi University

51

Кибернометр туралы ашық ғылыми-әдіснамалық семинар Финляндиядан келген шетелдік зерттеушілердің қатысуымен

26 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 26 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17 - Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік) жүзеге асыру аясында кафедра мен факультет магистранттары, докторанттары мен оқытушылары үшін "Кибертехнологиялардың әдіснамалық негіздері, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер мен өзара әрекеттестік тәжірибесіндегі Ламбер-Обозов-Белолы кибернометр модельдері" тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өтті. Іс – шараның бас спикерлері: Белолы Василий Саввович - ЛМУ психология факультетінің түлегі (1991 жыл, жалпы психологмя кафедрасы), тәуелсіз зерттеуші, психолог, волонтер, кибертехнологиялар тренері (Финляндия, Хельсинки) және Белолы Надежда Александровна – тәуелсіз зерттеуші, арт-тренер, волонтер (Финляндия, Хельсинки).

ылыми-әдіснамалық семинарда келесі тақырыптар қарастырылды: кибернометрді қолданудың әдіснамалық негіздері, Роже Ламбердің кибернометрінен Белолы кибернометрінің 16 нұсқасына дейінгі осы аппараттық әдістемені әзірлеу тарихы, әдістемені әртүрлі типтегі мекемелерде қолдану аясы. Профессор М.П. Кабакова Қазақстанның мәдени ортасында кибертренинг өткізудің кең тәжірибесін жалпылап берді: Алматы қаласының әртүрлі жоғары оқу орындарында құрылғыны қабылдаудың вариациялары, түрлі мамандықтардағы адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі және қатысушылар арасындағы қарым-қатынас сапасы.

ылыми семинарға қатысушыларға кибернометрдің екі жұмыс режимін де сынап көру ұсынылды: психомоторлық бірлесіп жұмыс жасауды диагностикалауға арналған "жол" және ойлау-перцептивті бірлесіп жұмыс жасауды өлшеуге арналған "матрица". Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының финдік зерттеушілермен ынтымақтастық мүмкіндігіне қатысты талқылау жүргізілді. Сондай-ақ, ҚР-да алғаш рет докторант Муса Қ.М. мен магистрант Манарбекова Ж.К. профессор Кабакова М.П. жетекшілігімен осы аппаратуралық әдістемені қолдана отырып ғылыми зерттеулерін жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Семинарда ұсынылған материалдарды іс-шараға қатысушылар жақсы қабылдады: олар жұмысқа қызыға тартылды, қазақстандық зерттеушілердің тәжірибесінде кибернометрді қолданудың ықтимал нұсқалары туралы болжамдар жасады, команда құру мақсатында аппаратуралық әдістемелердің болашағын бағалады. Семинар соңында топ мүшелері кибернометрде жұмыс істеу тәжірибесі әріптестермен және аз таныс адамдармен әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік бергенін хабарлады, бұл аппараттық әдістеменің тиімділігінің дәлелі ретінде қабылданды.

Іс-шараны ұйымдастырушы және модератор: Кабакова М.П., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры.

Жауаптылар: Муса Қ.М., 2-курс докторанты, Манарбекова Ж.К., 2-курс магистранты.