Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушылары мен студенттері Иран Мәдени өкілдігі шарасына қатыстыFarabi University

51

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушылары мен студенттері Иран Мәдени өкілдігі шарасына қатысты

12 қыркүйек, 2024

10 қыркүйекте "Тұрақты даму мақсаттары" (Цели устойчивого развития, ЦУР) жобасының аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері Алматыдағы Иран Бас консулдығының Мәдени орталығында өткен парсы тілі курсы және көрме залының ашылуы шарасына қатысты.

Кеште кафедра оқытушылары және доктор Ф. Шакиба сөз сөйледі. Кеш барысында 1 курс студенті Әділов Рахат бірнеше қазақтың халық әндерін орындады. Кеш соңында шығыстану факультеті ирантану бөліміне «курсқа қабылданған студенттерге мәдени орталық тарапынан сыйлықтар берілді.