Биотехнология кафедрасының студенттеріне М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының зертханаларына экскурсия ұйымдастырылдыFarabi University

51

Биотехнология кафедрасының студенттеріне М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды

19 сәуір, 2024

19 сәуір 2024 жылы  ТДМ 4 «Сапалы білім беру бағдарламасы» шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Биология және биотехнология факультетінің «6B05103 – Биотехнология» 2- және 3 курс студенттері, «7M05109 -Биотехнология» 1 курс магистанттары  және  «8D05105 – Биотехнология» 1 курс докторанттарына  М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің болашақ мамандығына мотивациялық-құндылық көзқарастарын қалыптастыруға кәсіби бағыт-бағдар беру.  Ұйымдастырушылар: Phd Мамытова Н.С., б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.к.  Мухатаева Қ.А., б.ғ.к. Ултанбекова Г.Д., профессор С.Д. Атабаева. Өткізілген орын: М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, сағ. 14.00.