«Абай қарасөздері туралы М. Әуезов, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов еңбектері».Farabi University

51

«Абай қарасөздері туралы М. Әуезов, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов еңбектері».

5 сәуір, 2024

Қазіргі жаһандану үрдісіне сай Жаңа Қазақстанды құру үшін әуелі сапалы білім беріп, саналы шәкірт тәрбиелеу маңызды. Осы орайда «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын әртүрлі іс-шаралар өткізіп келе жатыр. Тұрақты даму мақсатының 4 бөлімі Сапалы білім беру негізінде 5 сәуірде «Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс магистранты Жолдасқалиқызы Әселдің «Абайтану» пәнінен ашық сабағы өтті. Пән оқытушысы – магистр, аға оқытушы Саргелтаева Ардақ және педпрактика жетекшісі – PhD, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиева. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс (әдебиет бағыты) студенттеріне өткен ашық сабақ тақырыбы: «Абай қарасөздері туралы М. Әуезов, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов еңбектері». Жалпы сабақ барысы үш кезеңнен құралды. Алғашқы кезеңде студенттерге Абай қарасөздерінің зерттелуі туралы толық ақпарат беріліп, олардың таным-түсініктерін пысықтады. Екінші кезеңде топ студенттерін qazmath.net сайты арқылы үш топқа бөліп, әр топқа қарасөздерден үзінді берді. Сол бойынша студенттер үзіндінің қай қарасөзден екенін тауып, мағынасын ашып ойларын тұжырымдады. Үшінші кезеңде әр топ М. Әуезов, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов сынды ғалымдардың зерттеулеріне қатысты кезектесіп постер қорғады. Топтар өзара бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасты. Соңында padlet.com сайтына кіріп ашық сабақтың өту барысына байланысты ой-пікірлерін қорытты. Сабақ қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.