Қытай ЖОО-ларымен байланыс нығаядыFarabi University

51

Қытай ЖОО-ларымен байланыс нығаяды

13 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытайдың Цзянь Цяо университетіндегі Халықаралық дизайн колледжінің деканы Хен Сук Ким бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.

Құрметті қонақтармен Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар екі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселесін талқылады.

Проректор құрметті қонақты университет жетістіктерімен таныстырып, қытайлық жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстардың жүйелі жолға қойылғанын атап өтті. Соның ішінде ҚазҰУ Цзянь Цяо университетімен әріптестік байланысты жандандыруға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде  Хен Сук Ким ілтипат білдіргені үшін оқу ордасының басшылығы мен ұжымына ризашылығын айтып, өзара серіктестіктің жемісті боларына сенім білдірді.

Бұдан бөлек, тараптар ғылыми кадрлар даярлау, бірлескен қосдипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ортақ ғылыми конференциялар ұйымдастыру мәселелері бойынша әңгімелесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі