- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
31 наурыз, 2024

- Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-ға жұмыс сапармен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Туниязбен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
- Ректор ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен және РФ ғылым және жоғары білім вице-министрі Константин Могилевскимен бірге «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығының ашылуына қатысты. Жаңа ғылыми орталық құрамына Тұрақты даму мақсаттарын іске асыратын 10 инновациялық зертхана кіреді.
- Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының ІІ форумында баяндама жасады.
- Оқу ордасының басшысы «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасының ашылу рәсіміне қатысты.
- Жансейіт Түймебаев МИФИ ҰЯЗУ ректоры Владимир Шевченкомен, Алтай мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Бочаровпен, Томск мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Владимир Демкинмен, Лобачевский университетінің халықаралық байланыс және өзара іс-қимыл жөніндегі проректоры Александр Бедныймен, Санкт-Петербор мемлекеттік экономикалық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дмитрий Василенкомен және Мәскеу физика-техникалық институтының базалық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Антон Кожемяченкомен кездесу өткізді.
- ЖОО басшысы «Еуразия кеңістігіндегі этнология, антропология және музеологияның өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
- ҚазҰУ ректоры ылыми кеңес отырысын өткізді.
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025