Ұлттық құндылықтарFarabi University

51

Ұлттық құндылықтар

11 наурыз, 2024

   2024 жылғы 11 наурызда «Тұрақты даму мақсаттары» аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Гүлмария Тұрысбекқызы Оспанова «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерімен Гүлмария Тұрысбекқызы ғылымдар арасындағы интеграциялық қатынастардың мейлінше күшейген ХХІ ғасырда құндылықтар жүйесі тек философия ғылымында ғана емес, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың бәріне дерлік ортақ нысана, өзекті тақырыпқа айналғанын атап өтті. Студенттер өзіндік пікірлерін көркем шығармалардан нақты мысалдармен дәлелдеді. Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер студенттерге үлкен ой салды. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары және олардың тұлға тәрбиелеудегі рөлі туралы құнды пікірлер айтылды.