Шетелдік студенттердің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына жасаған саяхаты

2024 жылдың 20 ақпанында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ПГ-7 және ПГ-9-топ тыңдаушылары куратор-эдвайзерлердің, аға оқытушылар А.С. Қазмағамбетова мен Л.К. Мамытбекованың жетекшілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайына барды. Мұражай қызметкері Б.А. Қасымова бізге өте қызықты экскурсия өткізді, университеттің құрылу болу тарихын, университеттің осы бөлімшесінің басты міндеті университеттің мәдени-тарихи құндылықтарын сақтау, жинақтау және танымал ету болып табылатындығы туралы айтып берді.
Шетелдік студенттер университетіміздің дәстүрге бай тарихымен танысты: тарихи құжаттарды, сирек кездесетін жәдігерлерді, ежелгі әшекейлерді, түрлі ыдыстарды көрді. Бұл материалдың барлығы үш үлкен залда ұсынылған: тарих галереясында, Даңқ Залында және университеттің тұрақты даму залында. Сонымен қатар, түлектердің студенттері – ылым мен спорт жарыстарының жеңімпаздары, әртүрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен Олимпиада чемпиондары туралы көптеген ақпарат бар.
Шетелдік студенттерге тарихи-мәдени мұраны таныстыру, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында осындай іс-шараларды өткізу маңызды. Пікір кітабында олар өз тілектерін жазып қалдырып, естелік фотосуреттер түсірді.
Мұражай директоры А.Ж. Жапықбаева мен Б.А. Қасымоваға шетелдік азаматтарға экскурсия ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс айтамыз.
Басқа жаңалықтар

