51 Бизнес Мектебі Ұлыбританияның Бизнес мектептері қауымдастығының мүшесі атандыFarabi University

51

51 Бизнес Мектебі Ұлыбританияның Бизнес мектептері қауымдастығының мүшесі атанды

5 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 51 Business School Халықаралық бизнес мектеп түлектері қауымдастығының (BGA) – Business Graduates Association) мүшесі атанды.

BGA – 2019 жылы негізі қаланған, әлемге танымал MBA қауымдастығының серіктесі. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Аталған қауымдастық дүниежүзінің алдыңғы қатарлы әрі жылдам дамушы, жауапкершілікпен басқару тәжірибесі бар, үздіксіз білім алу мен қоғамға пайда әкелуге ұмтылатын бизнес мектептерді біріктірген. BGA-дың ішкі жарғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму бағдарламасының негізінде құрылған.

BGA-ға мүшелік ету арқылы 51 Business School жаһандық білім беру қауымдастығындағы әртүрлі университет, бизнес мектептермен тығыз байланыста бола алады.

Сонымен қатар келесі қадам ретінде 51 Business School білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартып, студенттерге бірегей мүмкіндік ұсынатын аккредитация алуды жоспарлайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі