ҚазҰУ спортшысы әлемдік дзюдо турында қола жүлдегер атанды
29 қаңтар, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 2-курс студенті, дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Әбиба Әбужақынова Португалияның Одивелаш қаласында өткен әлемдік Гран-при сериясының халықаралық турнирінде қола медаль иегері атанды.
Әбиба Әбужақынова турнирде 48 келіге дейінгі салмақта ел атынан өнер көрсетті.
Португалиядағы дзюдодан Гран-при әлемдік туры 26-28 қаңтарда өтті. Оған 90 елден 624 дзюдошы қатысты.
Спортшымызды кезекті медалімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025