ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫFarabi University

51

ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

23 қаңтар, 2024

Алматы қаласында Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ғылыми қоғамдастыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа басшысы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты таныстырды.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ақылбек Күрішбаев бұл лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен тағайындалды.

Руслан Желдібай Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті Күнсұлу Закарияға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының ылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.

Іс-шараға ҚР Ұлттық ылым академиясының активі, ғылыми ұйымдардың басшылары мен академиктер қатысты.

Жиында Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттер, ғылымның қолданбалы сипатын күшейту және ел экономикасына ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ғалымдар ылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.