ҚазҰУ ғалымдары Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері атандыFarabi University

51

ҚазҰУ ғалымдары Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері атанды

27 желтоқсан, 2023

Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының нәтижелерін жариялады.

Байқаудың нәтижесі бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор, биология ғылымының докторы Меруерт  Құрманбаева және саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Насимова Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегерлері атанды.

Сонымен қатар оқу ордасының жас ғалымдары, атап айтқанда Ақнұр Тұрғымбаева, Болат Оралбеков пен Меруерт Бауенова аталған стипендияны жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ғылыми стипендия мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадрлар даярлауға белсенді қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге беріледі.

Стипендия иегерлеріне ғылым жолында толағай табыстар тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі