2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыруFarabi University

51

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

8 желтоқсан, 2023

«Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің ылым комитеті» ММ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрлігінің ылым комитеті» ММ  , «ылым Қоры» АҚ  және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы)  сайттарында орналастырылған.

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі: 2023 жылғы 19 желтоқсан.

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі: 2024 жылғы 22 қаңтар.

Конкурстық өтінімдер жобалау тобы мүшелерінің, жобалау тобы басшысының және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААЖ)  сілтемесі бойынша қабылданады.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін Сараптама орталығының ААЖ-мен жұмыс істеу бойынша кеңес беру мына телефондар арқылы алуға болады: +7 727 355 5002 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты:жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны 2023 жылғы 19 желтоқсаннан 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін алуға болады:

  • Телефон арқылы: +7 7172 76 85 76 (ішкі нөмірлері 1051, 1057), +7 7172 76 85 78, 26 63 59 (ішкі нөмірлері 1012, 1014, 1021, 1032). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
  • Онлайн конференция бойынша: , Zoom ID: 882 0420 4486, құпия сөзі: 2024. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ.уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.