ҚазҰУ-да шетелдік лекторлардың тренингтері өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетелдік лекторлардың тренингтері өтті. Іс-шараны 51 Business School ұйымдастырды. Мақсат – студенттер үшін білім мен тәжірибенің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу.
9 қарашада Гарвард университетінің аға оқытушысы Фатон Лиманидің UBT/MPA көшбасшылығы бойынша онлайн дәріс өтті. Іс-шараға ҚазҰУ магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысты. Дәріс барысында көшбасшылық әлеуетті дамытудың, күрделі міндеттерді талдаудың және өзгерістерді басқарудың негізгі аспектілері талқыланды.
Сондай-ақ 18-19 қарашада «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебінің оқытушысы Сергей Кузьменконың «Клиенттермен және әріптестермен келіссөздер» тақырыбында екі күндік офлайн тренингі өтті. Бұл тренингтер бизнес-қоғамдастықтың студенттері мен кәсіпқойларына өз тәжірибесін байытуға, өзекті тақырыптарды талқылауға, көшбасшылық және келіссөздік дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік берді.
51 Business School жетекші әлемдік сарапшылармен шеберлік сағаттарын ұйымдастыра отырып, білім беру стандарттарын көтеруді жалғастыруда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


