ҚазҰУ түлегі стартап-жобалар байқауында жеңіске жетті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Әзиза Әйтекина университеттің Коммерциализация кеңсесі мен «JAS Ventures Almaty» компаниясы бірлесіп ұйымдастырған стартап-жобалар байқауында жеңіске жетті.
2023 жылы 18 сәуірде ҚазҰУ мен «JAS Ventures Almaty» компаниясы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойған болатын.
Байқауда ең озық жобалар арасынан ҚазҰУ-дың 11 жобасы және басқа жоғары оқу орындарынан 55 жоба сарапқа салынды. Бірлескен инкубациялық бағдарламадан 35 жоба өтті, оның алтауы – ҚазҰУ-дың жас ғалымдары ұсынған жобалар.
Байқаудың Demo Day қорытынды жиынында бизнес-инкубациялау бағдарламасынан өткен барлық стартап жетекшілірерінің қатысуымен үздіктерге арнайы сертификат табысталды.
Инкубациялық бағдарламаның нәтижесінде «Aitekit» жобасы жеңімпаз болып танылды. Жобаны ұсынған ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің түлегі – Әзиза Әйтекина. Қазір ол Италияда білім алуда.
Жас ғалым пациенттердің бірегей қажеттіліктерін ескере отырып, тері микробиомасының инновациялық талдаулары мен жеке косметикалық өнімдерін ұсынып, безеу мен басқа да тері ауруларын емдеудің жаңа әдісін әзірледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


