- Басты бет
- Жаңалықтар
- Times Higher Education World University by Subject рейтингісінің қорытындысы жарияланды
Times Higher Education World University by Subject рейтингісінің қорытындысы жарияланды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Times Higher Education by Subject" (The by Subject) пәндік рейтингінің қорытындысы бойынша алғаш рет "Медицина және денсаулық" бағыттары бойынша 601-800, сондай-ақ 801-1000 диапазонында "Өмір туралы ғылымдар" позициясын иеленді. Сондай-ақ, университет "Бизнес және экономика" - 601-800, "Әлеуметтік ғылымдар" - 801+ пәндері бойынша өз позицияларын сәтті сақтап қалды.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда "Интернационалдандыру" көрсеткіші бойынша алға жылжыды. Бұл нәтижеге университеттің халықаралық академиялық қоғамдастықтағы өз позицияларын нығайтудағы белсенді қызметі арқасында қол жеткізді.
Индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту және коммерциялық инвестицияларды тарту жөніндегі дәйекті саясатты іске асырудың арқасында "Индустриядан түсетін табыс" көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда жақсарды.
THE жаһандық рейтингінің нәтижелері академиялық сарапшылардың сауалнамасы, Scopus базасын талдау және университеттерден алынған статистикалық ақпараттан тұрады. Рейтингтегі жоғары оқу орындарының позициясы бес негізгі параметр негізінде анықталады: білім сапасы, зерттеу қызметі, дәйексөз, интернационалдандыру, индустриядан түсетін табыс.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың THE WUR by Subject рейтингіндегі жоғары көрсеткіштері – университет ұжымының-ғалымдардың, оқытушылардың, қызметкерлер мен білім алушылардың тиімді жұмысының нәтижесі.
Рейтинг нәтижелерімен толығырақ сайттан танысуға болады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


