- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
22 қазан, 2023

- Жансейіт Түймебаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінде орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюсттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ғұлама ғалымға арналған бюстті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.
- ҚазҰУ басшысы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Президенті Дуань Пэнмен жүздесіп, өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ ректорлар екі университетке ортақ Қазақ зерттеу орталығының ашылу рәсімін өткізді.
- Жансейіт Қансейітұлы Бейжің шет тілдері университетінің Президенті Ян Даньмен келіссөз жүргізіп, академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.
- Ректор Бейжің мұнай университетінің Президенті Ву Сяолиньмен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімнің мақсаты – энергетика секторында индустрияны бірлесіп дамыту, энергетика саласында бірлесіп ғылыми кадрларды дайындау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін «Бір белдеу, бір жол» қауымдастығын құру.
Басқа жаңалықтар

14 мамыр, 2025

14 мамыр, 2025