- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 8. 2023 жылғы 16-20 қазан аралығында Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есімхановна Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде (Пуатье, Франция) іссапармен жүр.
ТДМ 8. 2023 жылғы 16-20 қазан аралығында Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есімхановна Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде (Пуатье, Франция) іссапармен жүр.
16 қазан, 2023

2023 жылдың 16-20 қазан аралығында Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есімханқызы және Механика-математика факультеті деканының инновациялық-ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде (Пуатье, Франция) іссапармен жүр.
16 қазанда Пуатье университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Кристин Фернандес-Малуанмен кездесу өтті. Магистратура және докторантура аясында университеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Пуатье университеті 1431 жылы негізі қаланған Франциядағы ең көне оқу орындарының бірі. Ол 2 жоғары инженерлік мектептен (École Nationale Supérieure d’Ingénieurs de Poitiers – ENSIP) және экономика және менеджмент жоғары мектебінен тұрады. Оқыту келесі бағыттар бойынша 7 факультетте жүргізіледі: • Құқық және әлеуметтік ғылымдар • Экономика • іргелі және қолданбалы ғылымдар • Әдебиет және тіл білімі • Гуманитарлық ғылымдар және өнер • Спорт ғылымдары • Медицина және фармакология
Басқа жаңалықтар

5 мамыр, 2025

5 мамыр, 2025