Көшбасшылық дәрісFarabi University

51

Көшбасшылық дәріс

5 қазан, 2023

03 қазан 2023 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахмановпен "құқық қорғау қызметі" білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған көшбасшылық дәріс оқылды.

Кездесуде полковник Рустам Әбдірахманов болашақ құқық қорғау органдарымен Ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен, полиция қызметкерлерінің ар-намысы мен добігі, кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы бөлісті. Тергеушінің қызықты және сонымен бірге күрделі жұмысына ерекше назар аударылды. Рустам Тұралыұлы өз тәжірибесінен қызықты оқиғалармен және күрделі тергеулермен бөлісті. Студенттерді ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу, бастапқы даярлықтан өту, әлеуметтік қорғау және қызметкерлерді материалдық қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды.

Кездесуде полковник Әбдірахманов өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін, құқық қорғау қызметінің күрделі міндеттерін тиімді шешу үшін біліктілікті үнемі арттырудың маңыздылығын атап өтті. Оның мысалы табандылық пен білімге ұмтылу табысты кәсіби өсудің кілті екенін көрсетті.

Полковник болашақ кәсіби міндеттерге тиімді дайындалуға көмектесетін практикалық кеңестермен бөлісті. Студенттер құқық қорғау органдарында өз жолын қалай бастау керектігі туралы маңызды кеңестер алды.

Бұл кездесу студенттерді кәсіби дағдыларды игеруге және құқық қорғау органдарында жұмысқа дайындалуға ынталандыратын жаңа перспективалар ашты. Полковник Рустам Абдрахмановқа болашақ құқық қорғау органдарының біліміне қосқан құнды үлесі үшін алғыс айтамыз! 📚👮‍♂