ҚазҰУ-дың ылыми кітапханасына жапон суреттері сыйға тартылды
“Toshiba International” қоры ҚазҰУ-дың ылыми кітапханасына бағалы суреттер жиынтығын сыйға тартты. Іс-шара “Toshiba International” қоры мен Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ынтымақтастығы аясында іске асты.
Бұл сыйлық Жапон елінің ЭДО (1600-1868) дәуірінен бастау алған Ukiyo-е деп аталатын тамаша суреттер жинағы болып табылады, сонымен қатар оған кітаптар жиынтығы, видеоматериялдар кіреді. Ukiyo-е – Еуропадағы сурет өнері мен музыкасына әсер еткен ортағасырлық Жапонияның бейнелеу өнерінің бір бағыты. Қазіргі кезде Жапонияның Ukiyo-е сурет өнеріне бүкіл әлем таңдануда.
“Toshiba International” қоғамдық қоры Жапонияның сауда-саттықпен айналыспайтын гранттық ұйымы болып табылады. Оның қызметі Жапонияны тереңінен зерттеуге бағытталған және қор әлем бойынша халықаралық қауымдастықтың дамуына өзінің сүбелі үлесін қосып келеді.
Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
Басқа жаңалықтар

