«100 кітап» апталығы аясында кеш өтті Farabi University

51

«100 кітап» апталығы аясында кеш өтті

2 мамыр, 2012

Студенттер Сәкен Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» романы бойынша түсірілген кинофильмді тамашалап, фильмнің негізгі идеясына байланысты пікір алмасты. Профессор А.Салқынбай &ܴ;атамекен&ܴ; деген қасиетті ұғымның, сөздің тек қазақ халқында ғана бар екендігін, оның осы романды оқу барысында терең түсінуге болатындығы жөнінде өз пікірін білдірді. Студенттер романды оқуға үлкен қызығушылық танытты.

Аталған іс-шараны мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к, доцент А.Шыныбекова ұйымдастырды. Кешке факультет деканы, профессор Қ.Әбдезұлы, қазақ филологиясы кафедрасының доценті А.Тасымов, мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары Н.Егізбаева, А.Нұртазина, Л.Мекебаева қатысты.