ылым қоры гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайдыFarabi University

51

ылым қоры гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды

6 маусым, 2023

ылым қоры Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігі ылым комитетінің тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады.

Конкурстың мақсаты – гранттық қаржыландыру тетіктері арқылы табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, өндірістік жұмыстар мен мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми-техникалық және зияткерлік қызмет нәтижелерін тәжірибеде қолдануға жәрдемдесу.

Крнкурстық құжаттама «ҚР ылым және жоғары білім министрлігі ылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), ылым қорының (www.science-fund.kz) және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ () сайтында жарияланған.

Бір жобаны жүзеге асыру үшін бөлінетін гранттың максималды сомасы 350 миллион теңгеден аспауы тиіс.

ылыми және ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар, сондай-ақ грант алуға өтінім берген дербес білім беру ұйымы және олардың ұйымы конкурсқа қатысуға үміткер болып табылады.

Өтінім беру мерзімі: 2023 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін.

2023 жылдың 7 маусымында ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасының 408 залында сағат 10.00-де «ылым қоры» АҚ төрағасы Әбділда Атамұратұлы Шәменов аталған конкурс бойынша университет ғалымдарымен және жобаға қатысатын жеке серіктестермен кездеседі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі