«Ең үздік жас инвестор» байқауы!Farabi University

51

«Ең үздік жас инвестор» байқауы!

24 ақпан, 2012

Сіз инвестер болғыңыз келсе және жасыңыз 18-де болса,

«Ең үздік жас инвестор» байқауында сізді күтеміз!

1 наурыздан 1 мамырға дейін 2012ж. Алматы қаласы бойынша «Болашақ» ассоциациясы АҚ «Тауарлық биржа» Евразиялық Сауда Жүйесі» (ETS) және АҚ «CAIFC Investment Group» Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Ең үздік жас инвестор» байқауына ҚазҰУ-нің студенттерін қатысуға шақырады.

Байқаудың ең негізгі мақсаты: белсенді жастардың тауарлық нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі, оларды жеке инвестор ретінде қаржылық құралдармен операция жасауға тарту. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен қатысушыларға Қазақстандағы биржалық ұйымға жұмысқа орналасуға, сондай-ақ ҚР-да және шетелде стажировка жасауға мүмкіндік туады.

Байқауға қатысу үшін студентке ең алдымен: 24 ақпанға дейін келісім шартқа отырып, банктен жеке есеп шот ашу керек, өзімен бірге: жеке куәліктің көшірмесі, РНН-нің көшірмесі және толтырылған келісім шарт 2 дана (оқу орынның жауапты адамдарында) болуы керек.

Банкте есеп шот ашып, ең төменгі сомма 10000тенге салу қажет. . сайтында толық ақпарат берілген. Байқауға қатысу туралы сұрақтар бойынша Алматы қаласы бойынша «Болашақ» ассоциациясы және электрондық почта info.almaty@bolashak.kz немесе мына байланыс телефондар арқылы біле аласыздар: (727) 3560755 и 3560756.

Мансап және бизнес орталығы