Білім беру бағдарламаларының аккредитациясы басталды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Еуразиялық аккредитация және білім мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы» (ЕАО) сыртқы эксперттік комиссиясының (СЭК) үшкүндік жұмыс сапары басталды.
ЕАО өкілдері медицина және денсаулық сақтау факультетінде бакалавриат бойынша үздіксіз интеграцияланған медициналық білім (ҮИМБ) және резидентура бойынша білім беру бағдарламаларының аккредитациясын жүргізеді.
Бірінші күн өзекті мәселелер, бағдарламалар мен университетке сыртқы эксперттік комиссиясының келу кестесін талқылаудан басталды. Сондай-ақ аккредитация стандарттарына сәйкестігі бойынша білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау есептерінің қысқаша шолуы жасалды.
Кеңеске қатысушылар арасында ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов, қаржы-шаруашылық мәселелері және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Абдрахман Тасыбаев, сондай-ақ декандар, департамент басшылары мен оқытушылар болды.
Жиынға қатысушылар стоматология мен медицина, сондай-ақ әртүрлі мамандықтар бойынша резидентура аккредитациясы аясында білім беру бағдарламаларын талқылады.
Комиссия үздіксіз интеграцияланған медициналық білім және резидентура бағдарламаларының оқытушыларымен сұхбат жүргізді. Студенттер, интерндер және түлектермен кездесулер өтті.
Екінші күні ЕЦА өкілдері бакалаврлар мен резиденттердің оқу кафедраларына және клиникалық базаларына барады. Сондай-ақ резиденттердің тәлімгерлерімен кездесу және семинар мен сабақтарға қатысу жоспарланған.
Резидентура және білім беру бағдарламалары бойынша құжаттама, оқу бағдарламаларының паспорттары, оқу жоспарлары, пәндер каталогы, силлабус, резиденттің портфолиосы, UNIVER жүйесі, электронды құжат айналымы жүйесі Salem және т.б. зерттеледі. Комиссия жұмыс барысында оқытушылар және студенттермен сұхбат жүргізеді. Жұмыс аяқталған күні қорытынды жасалып, онда үздіксіз интеграцияланған медициналық білім және резидентура білім беру бағдарламаларын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Еуразиялық аккредитация және білім мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығының мүшелері медицина және денсаулық сақтау факультетінің басшылығы мен қызметкерлеріне сыртқы бағалау нәтижелерін жариялайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


