
2023 жылдың 8 сәуір күні Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында “Кухня” дәстүрлі жобасы өтті. Бұл жобаның басты мақсаты –аспаздық таланттарымен және креативтілігімен ерекшеленген университеміміздің студенттері арасында сайыс өткізу. Жоба талаптары бойынша екі факультет бірігіп, өзіне берілген елдің мәдениеті мен асханасын ашып, бір ас дайындауы қажет болды.
Жобада топтар тек өз аспаздық таланттарын көрсетіп қана емес, берілген еліне қатысты әсем ән айтып, би билеуімен ерекшеленді. Ұйымның барлық мүшелері жарысқа белсене қатысты. Студенттер безендіруді шығыстану факультетінің стилінде жасап, залды ақ-қызыл шарларға толтырып тастады. Жүргізушілер де факультет нақышына сай Шығыс үлгісіндегі киімдер киген. Жеңімпаздарға демеушілер тағайындаған ақшалай сыйлықтар табысталды. Қатысушылар да, көрермендер де бұл кештен жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл күйде кеткен.
Басқа жаңалықтар


