Профессор Н. Мұқаметханұлы конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасадыFarabi University

51

Профессор Н. Мұқаметханұлы конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады

23 ақпан, 2023

     2023 жылдың 17 ақпан күні Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде «Қазақстан және шетелдегі қытайтану ғылымы» атты ІІІ халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Осы конференцияның пленарлық отырысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Мұқаметханұлы Нәбижан алғашқы болып «ҚКП XX съезінен бергі Қытайдың сыртқы саясаты және оның Қазақстанға ықпалы» тақырыбында баяндама жасады.