Қиыр шығыс кафедрасы студентінің Оңтүстік Кореядағы шетелдік тағылымдамасыFarabi University

51

Қиыр шығыс кафедрасы студентінің Оңтүстік Кореядағы шетелдік тағылымдамасы

18 ақпан, 2023
 2022 жылдың жазында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арқасында менің өмірімде Оңтүстік Кореяда білім алуға үлкен мүмкіндік туды. Шығыстану факультеті студенттер алмасу үшін Кореядағы көрнекті университеттерді ұсынды. Шетелде өмір сүру - бұл таңғажайып тәжірибе және жаңа көзқарас, басқа мәдениеттер мен адамдар туралы жаңа түсініктің қалыптасуына мүмкіндік. Шетелде студенттермен алмасу бойынша оқу тәжірибем және де Қиыр Шығыс кафедрасына, университет басшылығына құнды мүмкіндіктер үшін алғысыммен бөліскелі отырмын.
 Қыркүйек айының соңында мен армандаған елге жеттім, Кореяға келгенімізде Каннын-Вонджу университетінің оқытушылары бізді жылы қарсы алып, Кореядағы жаңа өмірге бейімделуімізге көмектесті. Біз оқуға келген Каннын қаласы бізді өзінің әсем табиғатымен, көгілдір теңізімен тамсандырды. Бұл қалада таңғажайып ыңғайлылық пен тыныштық таңғалтады. Ұзақ апталық дәрістерден кейін әр демалыс күндері мен демалу үшін жағажайға баратынмын.

Сондай-ақ бірінші күні Корея университетінде оқу пәнін таңдау қызықты болды. Бұл күні де Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары пайдалы және ең жақсы пәндерді таңдауға ыждағаттылықпен көмектесті.Каннын-Вонджу университетінде пәндерді жақсы таңдаудың арқасында мен өз білімімді айтарлықтай жетілдіре алдым, әсіресе кәсіби сөйлеу сабақтарында, сіз баяндамаңызды қорғаған сайын сөйлесу біліміңізді тереңдетесіз, шыдамдылығыңыз бен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіресіз.

Жазушы профессорымыз Ли Ён Хи корей мәдениетінің маманы. Осы уақытқа дейін мен ондаған корей жаңалықтары мен корей романдарын зерттедім. Ұзақ корей тілінде жазу сабағы пайдалы білім ағынының арқасында бір демде өтетін.

Үздік оқытушылардан бөлек, біздің университет ай сайын шетелдік студенттерге қызықты бағдарламалар ұйымдастыратын. «Global 1:1 Buddy» бағдарламасы арқылы мен корейлердің күнделікті жастық шақтық өмірінде өз көзіммен көрдім және аптасына бірнеше рет кездесетін корей достарымның арқасында сөйлеу дағдыларым жақсарды. Университетіміздің шетелдіктерге арнап ұйымдастырған тегін түнгі фестивалінде біз арнайы гидпен Каннын қаласының барлық көрікті жерлерін тамашаладық. Тілді зерттеу мамандығында жергілікті халықпен бірге тұрып, олардың тілін үйренуден немесе фестивальдер мен мерейтойларға қатысудан артық ештеңе жоқ. Демалыс күндері шетелдік достарымызбен Сеулге 3 күнге саяхаттадық. Сеулде көптеген зәулім үйлер мен адамдар тұрып, көңіл көтеретін орындар айтарлықтай көп. Үш күн бойы мен Кёнбокгун сарайын, мәдени мұраны, әйгілі Мёндонг көшесін және әсем Хан өзенін араладым.

Ақырында, аз ғана уақыттың ішінде жаңа сезімдерді бастан кешіріп, жаңа білім мен, әрине, жаңа әсерлерге ие болдым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне алғысым шексіз. Кореяның танымал университеттерімен жақсы қарым-қатынаста болғаны үшін Қазақстан мен Корея арасындағы білім саласындағы берік достықтың арқасында мен баға жетпес тәжірибе жинадым.

Мухан Дарига

Аударма ісі (шығыс тілдері), 3 курс студенті