Oriental Science: жас клубтың жұмысы жалғасуда
Ақпан айының басында Oriental Science клубының тең құрылтайшылары Қиыр Шығыс кафедрасының докторанты Исмаилова Сәуле мен магистрант Сейітов Руслан Шығыстану факультетінің аға оқытушысы, PhD Серікқалиева Ажар Ермекқызымен instagram платформасында сұхбат жүргізді. Бұл сұхбат клубтың тікелей эфир жоспарының бір бөлігі ретінде жазылған. Oriental Science клубының мақсаты – шығыстанушы ғалымдардың ғылыми қоғамдастығын біріктіру, жас ғалымдар кластерін құру және магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу және ғылыми қызметінде көмек көрсету.
Сұхбат барысында Ажар Ермекқызы студенттер мен магистранттарға ғылымдағы мансапты қалай жоспарлау және құру туралы құнды кеңестер берді, заманауи ғалымдар үшін өзекті дағдылармен бөлісті. Тікелей эфир қонағы айтқандай, ғылыми шараларға, олимпиадаларға, конференцияларға студенттік кезден белсене қатысып, бұл тұрғыда көрегендік таныту қажет. Әріптестерімен, майталман ғалымдармен де байланыс көп болу керек. Сонымен қатар, сұхбатта мемлекеттік грантты шет елде жұмыс істеудің техникалық аспектілері мен шығыстанушыларды жұмысқа орналастыру мәселелері қозғалды. Ажар Ермекқызы жас ғалымдарға да ғылыми мекемелерде– университеттер мен қорларда, немесе жеке компанияларда жұмыс істеуге тырысуды ұсынды. Жеке компанияда екінші жоғары білім қажет болуы мүмкін. Ең бастысы, өз әлеуетіңізді ашып, әртүрлі тәжірибені сынап көру: топтық жобаларға қатысу, шетелдік компанияларда жұмыс істеуді ұсынды.
Сұхбаттың жазбасын Instagram аккаунтында көруге болады.
Жаңа хабарландырулар мен сұхбаттардан хабардар болу үшін клубтың ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жазылыңыз:
Басқа жаңалықтар

