Дәстүрлі қысқы мектеп жапон студенттеріне өз есігін айқара ашты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің дәстүрлі қысқы мектебі жапон студенттеріне өз есігін айқара ашты.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2023 жылдың 3 ақпанынан бастап 24 наурызға дейін университетіміздің серіктестері Токио шет тілдер университеті, София Университетінің студенттері жапонтану бөлімінің оқытушыларымен ұйымдастырылған қысқы мектепте білім алуда.
Қысқы мектептің мақсаты- екі ел, екі университет арасындағы байланысты нығайту, дамыту, өз еліміздің мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын таныту. Жыл сайын осы байланыстардың арқасында еліміз жайлы, университет жайлы Жапония университеттерінде ақпарат көбейіп, жан-жақты танылуда. Әрине, Жапонияға барып білім алып жатқан қазақстандық студенттер өз тарапынан еліміздің танылуына өз үлестерін қосып жатқаны сөзсіз. Сондай-ақ еліміздің халықаралық аренада танылуына осындай бағдарламалардың зор үлесі бар. Студенттер еліміздің тілі, мәдениеті, тарихына қатысты дәрістер тыңдап қана қоймай, жапонтану бөлімінің студенттерімен мәдени-танымдық іс-шаралар, студенттік форумдар, жарыстар ұйымдастырылады.
Бөлімнің студенттерімен бірге Алматы қаласындағы Орталық музейге, «Көктөбе» демалыс орнына, «Медеу» мұз айдынына, Шарын шатқалына саяхаттап бару жоспарланған.
Басқа жаңалықтар

