Шығыстану факультетінде жоспарланған іс-шаралар жан-жақты талқыланды

2023 жылдың 2 қаңтар күні Шығыстану факультетінде жиналыс өтті. Жиналысқа Шығыстану факультетінің деканы м.а. Наталья Борисовна және оның орынбасары Умитай Абдикаппаровна, студенттік деканат мүшелері және ұйым басшылары қатысты. Жиналыс барысында факультетімізде жаңадан ашылған ұйымдардың төрағалары өздерін таныстыра отырып, ұйымның басты мақсаттары мен болашақ жоспарларын мәлімдеді. Алдағы уақытта жоспарланып жатқан іс-шаралар жан-жақты талқыланды. Өз сөзінде Наталья Борисовна белсенділіктің университетіміздегі, факультетіміздегі, студент өміріндегі рөлін атап өтті. Сөзін қорытындылай келе, Наталья Борисовна белсенділердің атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірдіре отыра, әрқашан өзінің қолдауын көрсетуге ниет білдірді.
Жиналысқа қатысушылар мәселелерді бірлесіп талқылау үшін тұрақты кездесулер өткізу туралы қорытындыға келді.
Басқа жаңалықтар

