Сукменг университеті оқытушыларының Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерімен кездесуіFarabi University

51

Сукменг университеті оқытушыларының Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерімен кездесуі

4 ақпан, 2023

      Қиыр Шығыс кафедрасы мен Сукменг қыздар университеті арасындағы халықаралық қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында тығыз ынтымақтастық жалғасуда, оның аясында біздің студенттер "шетелдіктерге арналған корей тілі" атты онлайн курсын тыңдайды. Бұл онлайн курстың бағдарламасына осы курсты жүргізетін оқытушылармен міндетті кездесу кіреді. 1 ақпанда оқытушы Юн Кен Ми, Квон Джи Вон және 2,3 курс студенттерімен кездесу өтті. Оқытушылар біздің студенттерден корей тілін таңдауларының себебін және олардың хоббиі туралы сұрап, қызығушылықтарын білдірді. Профессорлар Юн Кен Ми, Квон Джи Вон біздің студенттердің корей тілін меңгеру деңгейіне таң қалып, оқуда одан әрі табыс тіледі.