Ескендір Бестай ҚазҰУ студенттеріне арналған семинар-тренинг өтедіFarabi University

51

Ескендір Бестай ҚазҰУ студенттеріне арналған семинар-тренинг өтеді

30 қаңтар, 2023

Құрметті студенттер және әріптестер!

Сіздерді 2023 жылы 31 қаңтар күні Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасы ұйымдастыруымен өтетін «Мансап менеджменті: кәсіби даму жоспарын қалай құрамын?» атты кездесуге қатысуға шақырамыз.

Спикер: Педагог-тренер, MIE educator, бала тәрбиесі бойынша тренингтер авторы, «Ата-аналар клубы» қоғамдастығының негізін қалаушы, Shonbay Online университетінің лекторы, адами капиталды дамыту менеджменті бойынша белгілі маман, «Үйренуді үйрену» онлайн-курсының құрастырушысы – Ескендір Бестай.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/23

химия және химиялық технология факультеті ылыми кеңесінің мәжіліс залы

Кездесу гибридті форматта өтеді: онлайн/офлайн

Басталуы: сағат 14:00

Байланыс нөмірі: 87015858992, 8707130 3007

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасы

Онлайн-конференцияға сілтеме: